Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Шымкентте мейрамханалардың бірінде атыс болды

Шымкенттің солтүстік бөлігіндегі мекемелердің бірінде атыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырар" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, қазір мекеме қоршауға алынған. Сонымен қатар, жүргізушілер жол қиылыстарында полицейлерден басқа арнайы жасақ қызметкерлері кезекшілік ететінін хабарлайды.

Әзірге расталмаған мәліметтерге сәйкес, атыс нәтижесінде бір адам қаза тапты, екіншісі бірнеше рет жарақат алды, қазір ауруханада ауыр халде жатыр.

Дереккөздердің хабарлауынша, күдікті ұсталды, бірақ бұл ақпарат ресми түрде расталмады.

Талқылау