Шымкенттегі Казмедприбор күніне өкпені жасанды желдететін 20 құрылғы жасап шығарады
Елімізде медициналық құрал-жабдықтар, медициналық жиһаздар мен медициналық көліктер шығаратын кәсіпорынның бірі "Казмедприбор" ЖШС Шымкентте орналасқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпорын 2005 жылы құрылған. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында жыл басынан "Казмедприбор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 120 мың литрден астам дезинфекциялық заттар, 6 мыңнан астам медициналық жиһаз бен 25 жедел жәрдем көлігін жасап шығарды. Қазіргі таңда мекемеде 100-ге тарта қызметкер жұмыс істейді.
Шымкентте індеттің ықтимал толқынына дайындық мақсатында кәсіпорын өкпені жасанды желдететін құрылғы жасап жатыр. Медициналық аппаратты шығаруға Америка және Жапония өкілдері серіктес болуда. Қазір кәсіпорынның күніне 20 құрылғы жасауға мүмкіндігі бар. Алғашқы 100 құрылғы Шымкент қаласына орнатылған.
Талқылау
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді
Қыстағы лас ауа деңгейі айына 70 темекі түтінін жұтқанмен тең
Бір айда самокат айдаған 6,5 мың адамға айыппұл салынған: Қазақстандық кикшеринг иелері тәртіп бұзғандарды қалай жазалайды?
Самокатты жоғалтса, 195 000 мен 840 000 теңге аралығында айыппұл салынады