Шымкентте жолдың ортасында билеген блогер жазаға тартылды (видео)
Шымкент қалалық ПД қызметкерлері әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу барысында өрескел құқық бұзушылық жасалған бейнежазбаны анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Блогер қыз қиылыста көліктен шығып, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған сәтте жолдың ортасында билей бастаған. Мұны көліктегі адам тікелей эфирге түсірді.
Бағдаршамның жасыл түсі жанған кезде көліктер сигнал беріп, қыз жолдың шетіне қашты.
Патрульдік полиция полкінің инспекторлары қызды анықтады. Ол – Қызылорда облысының тұрғыны. Ол ӘҚБтК 615-бабы “Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы” бойынша жауапкершілікке тартылды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар