Шымкентте құрылысшы үстіне бөрене құлап, көз жұмды (видео)
Шымкентте 22 жастағы жігіт құрылыс алаңында көз жұмды. Оның үстіне бөрене құлап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде оқиға орнындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео тарады. Оқиға 16 қазанда 17:00-18:00 шамасында "Тұран 2" шағынауданындағы құрылыс алаңында болған.
Видеодан салынып жатқан ғимараттың жанында үш адамның тұрғанын көруге болады. Кенеттен биіктен бөрене құлап, 2000 жылы туған жігіттің үстіне түскен.
Марқұмның жақындары тергеудің әділ жүруін талап етті. Олардың сөзінде, құрылыс алаңында қауіпсіздік ережесі сақталмаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қазақстандық түрмелерде сотталғандар енді отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген