Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент тұрғындары мемлекеттен жалдамалы тұрғын үй алып, пәтерлерін жалға берген: Олар қалай жазаланды

Шымкенте жалдамалы үйдің уақытша иелері пәтерде тұрып, өз шаршы метрлеріне ақша жинаудың орнына оны жалға берген. Тұрғын үй басқармасы рейд жүргізу кезінде осыған ұқсас тағы 2 жағдайды анықтаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Оtyrar.kz

Тұрғын үй басқармасының мәліметінше, уақытша жалға берілетін баспана иелері бірінші ретке ескерту алады.

“Оларға 1 ай мерзімге ескерту берілді. Жалға алушылар пәтерінің мақсатын орындамаса, алдағы уақытта пәтерден шығару үшін сотқа шағымданамыз”, – дейді Шымкент тұрғын үй бөлімінің басшысы Жұлдыз Ордабекова.

Былтыр уақытша тұруға жалға берілетін тұрғын үй алған кей кәсіпкерлер пәтерлерін тұрғын үй басқармасына қайтаруға мәжбүр болған. Жыл басынан бері жалдамалы баспанада тұрып келген 23 адам үйден өз еркімен бас тартқан.



Еске салайық, бұған дейін Алматыда кейінгі сегіз жылда алғаш рет пәтер жалдау бағасы арзандағанын жазған едік. Пәтерді жалға алу 2,9% арзандады. Құрылыс компанияларынан пәтер сатып алу құны 1,4%, екінші қолданыстағы пәтерлерді сатып алу екі ай қатарынан 0,4% арзандаған.

Талқылау