Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жабайы аю сатылымға шықты

Шымкентте жабайы аю сатылымға шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Сатылымға шыққан аюдың құны 2000 АҚШ доллары. Жыртқыштың иесі цирк әртісі болып шықты. Бірақ енді онда өнер көрсетпейтін болғандықтан, қожайыны аңды сатуға бел буыпты.

“Аю жеке өзімдікі. Бес жаста. Бұрын Ресейден алдырып, циркте біраз өнер көрсетті. Кейін онда жыртқыштар шығарылмайтындықтан, үйде ұстауға тура келді”, – деп түсіндір аюдың иесі. 

Ғаламтордағы бұл саудаға қатысты жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы тексеру жүргізген. Қожайында расымен де аюды сату-сатып алу келісім шарты бар болып шықты. Бірақ оны қолда ұстап, асырауға рұқсат беретін құжаты жоқ дейді мамандар.



Осыған байланысты аю иесі әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Тиісті рұқсат қағаздарының түгел болмауына байланысты әзірге аю уақытша Шымкент циркінде. Ал жыртқышты бұрынғысынша иесі өз есебінен қоректендіреді. Құжатын түгендеп болған соң, сатуына рұқсат етіледі дейді мамандар.

“Ол аю жеке меншік иесінде. Олар әртістер Шымкент циркте қызмет жасайды. Мемлекет тарапынан Шымкент цирк тарапынан қаржы бөлінбейді, бөлінбеген де. Қазір мына пандемияға байланысты аңдарсыз қойылым болған соң, тиімсіз деп санап, сатып жатыр қазір”, – дейді "Шымкент цирк" ММ жарнама бөлімінің меңгерушісі Сұлтанхан Аманов. 

Талқылау