Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топ пара алып жатқан жерінен ұсталды
Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топ 600 миллион теңгеден астам жалған шот-фактура жасап бергені үшін сыйақы алып жатқан кезде ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыскерлерді Қаржы мониторингі комитеті Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері ұстаған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Шымкент аумағында алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, аса ірі мөлшерде тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактураларды жазып берумен айналысатыны анықталды.
"40 млн теңге мөлшерінде, яғни 615 млн теңге сомаға жалған шот-фактураларды жазып бергені үшін жалпы соманың 6,5%-ы көлемінде алып жатқан жерінен 4 адам ұсталды", - деп хабарлады Қаржы мониторингі комитетінде.
Шымкент қаласының Абай аудандық соты айыпталушыларды ҚР ҚК 216-бабының 3-бөлігіне сәйкес кінәлі деп таныды. Оларға 3 жылға шартты түрде бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Ойнап жүрген балалар қымбат iPhone-ды доппен теуіп сындырып алды: Өтемақы мәселесі жанжалға ұласты
Біреудің мүлкін сындырған баланың анасы ақысын төлеуден бас тартқан.
Үш баласы да АҚШ университетіне түскен қазақстандық әке бала тәрбиесіндегі 15 қағидасын атады
Әкесі: “Кәмпит, балмұздақ, тәтті жемейді, теледидар көрмейді, смартфонға да уақыт шектеулі”