Шымкентте ұрланған қалыңдық қашамын деп, омыртқасын сындырды
Шымкент полиция департаментінің қызметкерлері жас қызды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жас жігіт қызды үйлену мақсатында алып қашып, пәтерге алып келген. Қыз пәтердің екінші қабатының терезесінен секіріп кеткен. Құлаған қыз ауыр жарақат алған.
Жағдай өткен сейсенбі күні кешке қарай болған.
"Зардап шеккен адам кеуде және бел омыртқаларының сынуы, жамбас сүйектерінің сынуы және іш жарақатымен бірінші қалалық ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады оқиға куәгерлері.
Қазіргі уақытта қыз ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалайды. Алайда, болашақта ол өздігінен қозғала ма, жоқ па деген болжамдар әлі айтылған жоқ.
Қала полициясында бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қызды алып қашқан жігіт Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша бірден жауапқа тартылуы мүмкін.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"