Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұтында іш киімі болмаған: Шымкентте 3 жасар қыздың мәйіті табылды

Шымкентте Застенная ауданында төрт жасар қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап. 

бала

22 шілдеде Шымкентте жастарға арналған тұрғын үй комплекстерінің жанынан үш жасар қыздың мәйіті табылды. Көршілердің сөзінше, қыз бала анасымен бірге оқиға орын алған жерден 500 метр жерде орналасқан жатақханада тұрған. Жергілікті тұрғын Халипа Қадированың сөзіне сенсек, ол қыздың анасынан баланың көшеде неліктен қараусыз қалғанын сұраған екен. Анасы жауап ретінде оған ол кезде жұмыста болғанын, оқиғадан кейін төбесінен жай түскендей абдырап қалғанын айтады. 

Кішкентай баланың туысқаны Айжарқын Айтбаева марқұмның үйіне сағат үштің кезінде келіп, үш жасар қыздың баспанада жоқ екенін байқайды. Уайымға салынған ол қызды екі сағат бойы іздеп, таппаған соң, бөлімшелік полицияның көмегіне жүгініпті. Сосын ол баланы полиция қызметкерімен бірге іздеп, баланың денесін иесіз қалған гараждардың бірінен тапқан екен. 

Туысқанның сөзінше, үш жасар қыздың беті көгеріп кеткен, іш киімі болмаған. Қазіргі уақытта баланың қандай жағдайда қайтыс болғаны анықталып жатыр. Оны біреу өлтіріп кеткен деген күдік бар. Күдіктілер мен куәгер болуы мүмкін адамдар полиция бөлімшесіне жеткізілуде. Баланың мәйітін криминалистер сараптамаға алып кетті. 

Криминалистер бөтелкелерден саусақтың ізін алды. Бойы 180 см, 1980 жылғы азаматқа іздеу салынды. 

Талқылау