Шымкентте "Тәуелсіздік құрдастары" атты жас суретшілердің көрмесі өтуде
Шымкентте қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік құрдастары" атты жас суретшілер көрмесі ашылды. Кескіндеме өнеріндегі келісті туындылар топтастырылған шара Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Көрмеге С. Абдураимова, А. Бұхарбаева, А. Тасболатова, Ж. Абдалимова сынды жас қылқалам шеберлерінің туындылары қойылған. Жалпы, 30-ға жуық картина ұсынылған.
Кештің ашылуында сөз алған кітапхана директоры Нұрила Жұманова аталған көрме жас суретшілердің туындыралын танытуға септігін тигізетінін жеткізді. Сондай-ақ, жас қылқалам шеберлерінің жаңа шығармаларды дүниеге әкелуге ынталандыратынын тілге тиек етті.
Айта кетейік, қала тұрғындары мен қонақтары жас суретшілердің туындыларын 31 қазанға дейін "Абай " атындағы орталық кітапханадан тамашалай алады.
Мұнай бағасы барреліне 200 долларға жетсе Қазақстанға пайда әкеле ме әлде қауіп пе
Мұндай шектен тыс қымбатшылық өз-өзін жоятын механизмді іске қосады дейді сарапшы
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойлаймыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"