Шымкентте танымал брендтердің кір жуғыш ұнтақтары қолдан жасалған (видео)
Шымкентте контрафакт өнімдерін жасап, сатып келген жасырын цех әшкере болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде контрафакті өнімдерін дайындайтын астыртын цехтың жұмысы тоқтатылды.
"The Procter & Gamble" компаниясының "Tide", "Ariel" және "Миф" маркалы тұрмыстық химия өнімдерінің сауда белгісін заңсыз пайдалану фактісі анықталды.
Тінту кезінде 1 790 қап контрафактілік тұрмыстық химия заттары, контрафакті өнімдерін өлшейтін және дайындайтын құрылғылар табылып, тәркіленді.
Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жарияланбайды.
"Тексермесе, төлемей отыра береді": Алматы тұрғындары жолақысын төлемейтін жолаушылар көбейгеніне шағымданды
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді