Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте педофилге алғаш рет кастрация жасайтын болды

Шымкентте педофилге тұңғыш рет кастрация жасайтын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vera.kz басылымына сілтеме жасап.

Шымкентте педофилге тұңғыш рет кастрация жасауға шешім қабылдандыШымкент қаласында педофил тұңғыш рет химиялық кастрация жазасына кесілді. Сонымен қатар, екі рет адам зорламақ болғаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айыруға шешім қабылданған.

39 жасар шымкенттік азамат қылмыстық кодекстің 4-бабы, 121-бөлімі бойынша жазаға тартылған. Ол кәмелеттік жасқа толмаған балаларды зорламақшы болғаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айрылған. Енді ол балаларға қатысты жұмыс жасай алмайды. Сонымен қатар, сот педофилге кастрация жасауды бұйырған.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, 2 мамыр күні сағат 12.30-да Гагарин көшесінде сотталушы 9 жасар қызбен кездескен.

"Ол бейтаныс балаға күшік көрсетемін деп алдап кетті. Қыз оның артынан барған. Педофил қызды қазандықтың ескі ғимаратына апарды. Артынша ер адам жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасауға тырысты», - деді судья Әбинұр Қарабаев. 

Сотта айтылғандай, ер адам қызды шешіндіруге мәжбүр етті. Ол оны өлтіремін деп қорқытқан. Алайда, бір сәтте қылмыскер қыздың қолын босатқан. Қыз осы сәтті пайдаланып, қашып кеткен екен. Ер адам арам ниетін соңына дейін жеткізе алмады. Алайда үш айдан кейін сотталушы 12 жасар қызға қатысты сол схеманы қайталаған көрінеді. Қызды алдап, өлтіремін деп қорқытып, оған жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағысы келген.

Педофил адам зорлағаны үшін  2003 жылы 10 жыл түрмеде отырған. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ. Қазақстанда химиялық кастрацияны медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы ретінде, сот кәмелетке толмағандардың жыныстық тұтастығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 18 жастан асқан адамдарға қатысты қолданады. Бұл медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы үкім шығару кезінде де, үкімді орындау кезінде де тағайындалуы мүмкін. 

Талқылау