Шымкентте молда балаларды хадис жаттамағаны үшін ұрып-соққан
Шымкентте молда балаларды хадис жаттамағаны үшін ұрған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Шымкентте жарты жыл бұрын оқушылардың денесі көгерген видеосы тарап, елді шошытты. Алайда балаларды көк ала қойдай сабаған молда қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Себебі полиция таяқ жеген жеткіншектердің ата-аналары мен діни тәлімгер мәмілеге келгендіктен, істі тоқтатыпты.
Молда үйде оқушылардың діни сауатын ашуымен айналысқан. Бірақ балаларға қол көтеріп, денелеріне зақым келтіргені анықталды.
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жағдайдан кейін мешіттің ұстазын қызметінен босатты. Мүфтият өкілдері ұрып оқытатындарды құптамайтындарын мәлімдеді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған