Шымкентте бірнеше құрылыс дүкені өртеніп кетті
17 қаңтарда Шымкенттегі бірнеше құрылыс дүкенін өрт шарпыды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт тұтанғаны туралы ақпарат төтенше жағдайлар департаментіне түнгі 01:15 шамасында түскен.
Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің ақпараты бойынша, "Евролюкс", "Гармония", "Марморит", "Медина" құрылыс дүкендері мен Әйтеке би көшесіндегі қойма өртенген.
"Қызыл жалын 1300 шаршы метр аумақты шарпыған. Ал ғимараттың жалпы аумағы – 1400 шаршы метр. Департамент оқиға орнында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр", – делінген Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өрт түтіні Шымкенттегі құрылыс дүкендері орналасқан Ескі қала көшесінен бірнеше шақырым жерден көрінген. Куәгерлердің сөзінше, ешкім зардап шекпеген.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"