Шымкентте күзетші жасөспірімді "тәрбиелеймін" деп аяусыз ұрған (видео)
Желіде жасөспірімді "тәрбиелеймін" деп аяусыз ұрған шымкенттіктің видеосы таралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кадрларда күзетшіге немесе полицейге ұқсайтын ер адам жасөспірімді ұстап алып, ұрсып, ағашпен бірнеше рет ұрғанын көруге болады. Ер адам бұнымен қоймай балаға балағат сөздер айтып, айқайлайды. Ал бала одан кешірім сұрайды. Видеодан жасөспірімнің “Аға, кешіріңіз! Ойбай! Кешіріңіз, өтінемін!" деген жанды дауысын естуге болады.
"Мына кісіге мылтық берсе балаларды атып тастайды", - деп жазылған видеода жазбасында.
Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі адам шошырлық видеоға түсініктеме берді. Құқық қорғау органдары жанжалдың себебі мен күзетшінің жеке басы туралы деректерді айтпады. Бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр екен.
"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілі.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр
Несие біткен кезде ұлы үйді әйелінің атына аударып алған
Түркістандық кәсіпкер жоғары лауазымды полиция қызметкерлерін өз компаниясына тиесілі жүк көлігін ұрлады деп айыптады
Жәбірленушінің сөзінше, екі жол полицейі жүкті айыппұл тұрағына өздері қойған