Шымкентте колледж жатақханасынан 1-курс студентінің мәйіті табылды
Шымкент коледждерінің бірінің жатқанасында 1 курс студенті көз жұмды. Деректер бойынша жігіт соққы салдарын көтере алмай, мерт болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

22 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы полиция басқармасы кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан колледждердің бірінің жатақханасынан 1 курс студентінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
“Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Салдарынан ол кенеттен өзін нашар сезінген. Студенттер жедел жәрдем шақырған, бірақ медицина қызметкерлері олар келгенге дейін қайтыс болған. Дәрігерлер жас жігітке көмек көрсетіп үлгермеді”, – делінген хабарламада.
Әл-Фараби АПБ қызметкерлері ҚР ҚК 106-бабы бойынша тергеу жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған