Шымкентте қоқыс контейнерінен сәби денесі табылды
Шымкент қаласындағы қоқыс салатын жәшіктен сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Бала қаладағы Рысқұлов көшесінен табылған. Куәгерлердің айтуынша, бала жаңа туылған. Мәйітті алғаш болып, сағат таңғы жетілер шамасында қоқыс тасушылар көрген.
Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетсек, бұған дейін Атырауда әйел жаңа туған сәбиін дәретхананың шұңқырына тастай салған болатын. Шырылдаған нәрестені ауыл тұрғындары тауып алды.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған