Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның тағы бір қаласында карантин ұзартылды

Шымкенттің бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулысында карантинді ұзартып, жәрмеңкелер жұмысына рұқсат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шымкенттегі карантиндік және шектеу шаралары 26 қазанға дейін ұзартылды.

Азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын базарлар мен жәрмеңкелерде жұмыс уақыты 30 пайыздан аспайтын және бір адамға кемінде 4 шаршы метр болатын жағдайда 6.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

"Жәрмеңкелердің қызметін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жалғастыру, оның ішінде дезинфекциялық туннель мен залалсыздандыру қондырғысын орнатуды қамтамасыз ету қажет", - делінген қарарда.

Сондай-ақ, жаңа құжат жәрменкелердегі балалар ойын алаңдары, батуттар мен фуд-корттардың жұмысына салынған тыйымды алып тастады.

Құжат Шымкент қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздігі департаментінің сайтында жарияланған.

Еске салсақ, Алматыда пандемияның екінші толқынына байланысты карантин талаптары күшейтілетін болды. 

Талқылау