Шымкентте карантин талаптарының сақталуы тұрақты бақылауда
Шымкент қаласының барлық аудан аумақтарында карантиндік талаптардың сақталуы бойынша кезекті рейдтік іс-шаралар өтуде.

Әл-Фараби ауданы аумағында мобильдік топ тәртіп сақшыларымен бірге "Arman city", "Sunrise", "Гарант" сынды адам көп шоғырланатын нысандарды аралап, кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында киім-кешек сататын дүкендердің бірнеше қызметкерлері бетпердесіз жүргені анықталып, ескерту жасалды.
Бүгінде Әл-Фараби ауданында карантиндік талаптардың сақталуын қадағалайтын 6 мобильді топ жұмыс атқаруда. Олар базар, ірі сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары мен тойханаларды күнделікті тексеруде.
Қала тұрғындары мен кәсіпкерлерді карантиндік талаптарды сақтап, қоғамдық орындарда бетперде киюге, жауапкершілікті сезінуге шақырамыз.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық