Шымкентте қалыңдықтың "өз тойынан" не себепті қашқаны белгілі болды
11 сәуірден бері қазақстандықтар желіде қалыңдықтың өз тойынан қашқан видеосын қызу талқылауда. Мұнда қыз ақ көйлегімен көлік тізгініне отырып, жиын үстінде кетіп қалады.
Куәгерлер оқиғаның Шымкент қаласында болғанын жеткізді. Бұл видео қонақтардың телефонына абайсызда түсіп қалған. Тойдың қызған шағында аруға SMS-хабарлама келіп, кейін ол бірден белгісіз бағытқа жүгіре жөнеледі.
Сонымен қатар кадрлардан қалыңдықтың қонақтар тола жиналған мейрамханадан қалай асыға шыққанын көруге болады. Мұнда ол қолындағы гүл шоғын лақтырып, жамылғы фатасын шашынан жұлып алып, тастап кетеді. Ал бойжеткеннің артынан сүйіктісі қуып жетпек болады.
Бірақ қалыңдық жігітке бой берместен алтын түсті Toyota Camry көлігінің руліне отырып, дәл мейрамхананың алдында көңілі түскен күйеу жігіт пен фатасын тастап кетіп қалады.
Бұл оқиға желі оқырмандары арасында қызу талқыға түсті. Соның ішінде: "Отбасының кенже ұлы болғасын және әпкелері көп екенін естіп қашқан ғой", "Бұл қыз такси жүргізушісі шығар. Жолдар жабылады деген SMS-ті көріп жұмысқа асыққан-ау шамасы", "Бұл қалыңдық кинодағыдай қашты" деп әзілдеді желі қолданушылары.
Кейін міне, әлеуметтік желіде шулы видеоның жалғасы пайда болды. Ол жерде қалыңдықтың өз тойынан не үшін қашқаны анықталды. Белгілі болғандай, оған тойы кезінде Toyota Camry ұту мүмкіндігі туралы SMS келген. Бұл бойжеткеннің тіпті өз тойынан қалай қашып кеткенін байқамай қалуына себеп болған.
Одан бөлек, екі видео да ForteBank-тің жарнамалық науқанның бөлігі екені анықталды.
Forte командасы RA Kombinat-пен бірге "Мәссаған Camry" науқанын қолдау мақсатында бейнеролик түсірген болатын. Бұл видеоның бөлігі Instagram мен Telegram желілерінде тез таралып, нәтижесінде бейнероликті 1,5 миллионнан астам адам көрген.
Осы тұста айта кетейік, соңғы бірнеше жыл ішінде Forte Bank өз клиенттері арасында бүкіл Қазақстан бойынша 34 автокөліктің кілтіне ұтыс ойынын өткізген болатын.
"Біз бір кездері Forte-ні таңдап, осы уақытқа дейін бізбен бірге болған барлық жанға рахметімізді айтамыз. “Алғысымызды” тағы бір рет жаудыра отырып, жаңа сыйлық ұсынамыз деп шештік. Бұл ұтыс өз жоспарлары мен мақсаттарын іске асыру үшін несие алған барлық клиенттерімізге арналады. Біз ұсынған Toyota Camry көлігі олардың тағы бір қуанышына айналсын", - деді Forte Bank-тың маркетинг жөніндегі директоры Антон Ким.
Ұтысқа нақты кімдер қатыса алады?
Ұтыс ойынына қатысу үшін Forte-ден 28 сәуірге дейін несие алу керек. Сондай-ақ банктен бұрын қарыз алған барлық клиенттер де қатыса алады, соның ішінде:
- 100 000 теңгеден басталатын кепілді/кепілсіз несие алғандар;
- ForteMarket-тен бағасы 100 000 теңгеден басталатын тауарды бөліп төлеуге немесе несиеге алғандар;
- ForteBlack картасы бойынша 30.01-ден 28.04-ке дейінгі кезеңде 100 000 теңге сомасында белсенді несиелік лимит алғандар;
- 100 000 теңгеден бастап басқа банктен қайта қаржыландырылған несие алғандар;
- "Технодом" дүкендер желісінен 100 000 теңгеден басталатын тауарларды несиеге сатып алғандар.
Басты талап – 2023 жылдың 28-сәуіріне дейін берешектің болмауы.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 03.02.2020ж. № 1.2.29/197/36 лицензиясы.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
