Шымкентте ер адамды балдызы пышақтап кетті
Шымкентте мас күйінде жанжал кезінде ер адамды пышақтап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға алкогольдік ішімдік ішіп отырған екі ер адам арасында жанжал туындаған кезде болған. Нәтижесінде олардың бірі пышақ жарақатын алып, қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 24-99-бабы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері жәбірленушінің балдызы (әйелінің інісі) күдікті екенін анықтап, оны ұстады.
Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі