Шымкентте ер адам ине саламын деп әйелін өлтіріп алды
Шымкентте ер адам әйелін емдеймін деп ажалына себепші болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: depositphotos.com
Оқиға 16 наурыз күні қала орталығындағы үйлердің бірінде болған.
Ер адам ауырып қалған әйеліне екпе салып, науқас өзін одан әрі жайсыз сезінген. Осыдан кейін жедел-жәрдемді шақырғанымен, келіншек дәрігерлер келгенше көз жұмған.
Қазақстанда ер адам тұздалған қияр жегеннен кейін көз жұмды
“Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде”, – делінген Шымкент қаласының полиция департаментінің хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Абай облысында перзентханаға өз аяғымен барған жүкті әйел ауруханада көз жұмғаны туралы жазған едік.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ