Шымкентте ер адам 6 жасар өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді
44 жастағы Шымкент тұрғыны 6 жасар өгей қызын зорлады деген күдікпен ұсталды. Қайғылы оқиға 21 тамызда болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға қыздың анасы ауруханада жатқан кезде болған. Бұл туралы ол анасына келесі күні ғана айтып берген көрінеді.
Әйел бірден Тұран аудандық полиция басқармасына жүгінді. Тәртіп сақшылары дереу оқиға орнына барған. Пәтерде ер адам ұсталды, сонымен қатар полицейлер төрт келі марихуана мен пластик бөтелкелер тәркіледі. Қазір жәбірленушімен психологтар жұмыс істеп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынды.
Тәртіп сақшылары жағдайға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді