Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте еңбекақыны өсіруді сұраған мәл дәрігерлерін жұмыстан шығарып жатыр

Наурыз айында Шымкентте еңбекақыны өсіруді сұрап жаппай ұжымдық хат жазған ветеринарлар жұмыстан қысқарту туралы хабарлама тигенін айтып, шу көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеп.

Айтуларынша хат жазғаннан кейін жұмыскерлердің 25 пайызы жұмыстан кетеді деген хабарлама алған. Он жылдан бері мал маманы болып жұмыс істеп жүрген Азамат Баймаханов Шымкенттегі төрт бірдей елді мекеннің төрт түлігіне жауапты. Оның жүктемесінде 1,5 мыңдай ірі қара, мыңнан астам уақ мал мен 10 мыңға жуық үй құсы бар. Ит пен мысық тағы қосылған. Маман жұмысының ауырлығын жасырмайды. 87 мың теңге жалақыны қанағат тұтып жүргенде, жұмыстан қысқарту туралы хабарлама келгенде, төбеден жай түскендей, әсер алғанын айтады.  

"Керісінше адам алудың орнына енді қазір қысқартамыз деген әңгімелер боп жатыр енді кеше қағаздар келді. Мен оған түбегейлі қарсымын. Былай айтқанда біз енді аса ауыр, қауіпті аурулармен жұмыс істейміз, мысалыға "сібір жарасы", "құтыру" деген сияқты", - дейді  Азамат Баймаханов.

"Ветеринарлық қызмет" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын мамандарынан соңғы күндері маза қашқан. 25 пайыз қысқартылатындардың тізіміне кімнің ілігіп, кімнің қалатынын білмей дал.

"Қазірге бізге хабарлама келді, шамамен 25 пайыз қысқарады деп. Енді қысқарылған жағдайда не болатынын. Норматив бұрын 600-700 болды дейді, қазір 1200- қара мал. -2500 қой бар.-қойлары тағы бар. Мысалыға айталық, бір ауылға екі дәрігер істеп жатырмыз қазіргі уақытта Ақжар ауылында. Біреуі қысқарған жағдайда ..мүмкін емес", - дейді мал дәрігері Сапар Сұрымбаев.

Ауыл шаруашылық басқармасындағылар болса, даурығуға негіз жоқ деді. Мал дәрігерлері қысқартылмайтынын жеткізді.  

"Бұл жерде Президентіміздің тапсырмасына сәйкес 25 пайыз қысқарту деген барлық жерге берілген, өздеріңіз білесіздер. Дегенмен жұмыстың ауқымдылығын ескеріп ол ветеринар мамандарға ешкім қысқартуға жатпайды. Бір-бірін қайталаған жұмыстары бар ішкі әкімшілік ғимараттың, сондай жұмыстар қысқартылады", - дейді Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы Манарбек Ержігітов.
Талқылау