Шымкентте бизнесменді көшенің ортасында атып кетті
Шымкент қаласында ірі бизнесменді атып кетті. Бұған қатысты полицейлер қылмыскерді іздеп жатыр.

Қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыс 19 шілдеде болды.
Отырар.kz порталының ақпаратына сәйкес, бизнесменнің Lexus көлігіне аң аулайтын мылтықтан оқ атылған.
Шымкент полициясы хабарлағандай, жергілікті тұрғынның өліміне қатысты алдын ала тергеу жүргізілуде.
«Қазіргі таңда қылмыстық іздестіруге бағытталған барлық жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеудің өзге де мәліметтері жарияланбайды.
"Мұндай өмірден шаршадым": Шымкенттік әйел екі баласын неліктен әкімдікте тастап кеткенін түсіндірді
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты