Шымкентте бір жасар сәби үй бассейніне батып көз жұмды
Қайғылы оқиға Абай ауданының Қызылжар ықшам ауданында өткен түнде болған. 2021 жылы туған сәби жеке үй ауласындағы бассейнге құлап кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырарға" сілтеме жасап.
Болжам бойынша, бала қараусыз қалған, жанында ата-анасы болмаған. Оқиғаның жай-жапсары анықталуда.
Айта кетейік, бұл – шілде айында орын алған екінші қайғылы жағдай. 4 шілдеде жеке бассейнге 6 жасар ер бала батып кетіп, көз жұмды. Осы ретте Шымкент қалалық ТЖ департаменті қауіпсіздік шараларын сақтауды, балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Текеліде қыз бассейнге түсіп, тұншығып қалды: Оны жедел жәрдем фельдшері құтқарды
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған