Құтқару белдемшесімен шомылған: Шымкентте 6 жасар бала бассейнге батып кетті
Шымкентте 6 жасар бала абайсызда бассейнге құлап кетіп, көз жұмды. Оқиға Қаратау ауданы, Шанин көшесіндегі жекелеген демалыс орнында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 4 шілде күні сағат 16:37-де болған. ТЖД өкілінің хабарлауынша, демалыс орны жаңадан ашылған, онда құтқарушылар болмаған.
2016 жылы туған бала бассейнге ата-анасымен бірге шомылуға келген. Бір сәтте бала қараусыз қалып, абайсызда суға құлаған. Бала құтқару белдемшесімен шомылып жүрген, соған қарамастан батып кеткен.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз": Қазақстандық ата-аналар мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді