Павлодарда үш баланың анасы босанғаннан кейін көз жұмды: Дәрігерлер қылмыстық жауапқа тартылады
Павлодарлық дәрігерлер үш баланың анасының өліміне кінәлі деп айыпталуда. Әйел босанғаннан кейінгі үшінші күні қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша, дәрігерлер салғырттық танытқан. Облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің өкілдері осылай дейді. Олар тексеру жүргізіп, барлық материалды полицияға тапсырды. Осылайша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

30 жастағы Еркежан Әкімбекова 2022 жылдың мамырында көз жұмған. Үшінші баласын босанған соң бақилық болған. Жұбайы екеуінің дәрігерлер екені белгілі болды.
Сағади Әкімбеков сөзінше, жұбайы палатада қансырап жатқан. Қызметкерлердің ешбірі қасына келмеген. Тергеуден соң бірнеше қызметкер сөгіс алған. Енді олар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
“Сараптама бұл өлімді алын алуға болатынын көрсетті. Бірінші күні әйел босанған соң медициналық көмек толыққанды көрсетілмеген. Сондықтан қан кеткен”, – дейді медициналық және фармацевтикалық бақылау басқармасының басшысы Динара Хасанова.
Жыл басынан бері бұл орын алған қайғылы жағдайдың ішіндегі үшіншісі. Республикада Павлодар облысы аналар өлімі бойынша екінші орында тұр.
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз": Қазақстандық ата-аналар мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді