Шымкентте балалары ұрып тастаған кейуананың ісі: Полиция қылмыстық іс қозғады
Шымкент полициясы қарт әйелді ұрып-соққаннан балаларына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Шымкентте қарт ананы қыздары мен күйеу балалары үй үшін ұрып тастағаны хабарланды. Салдарынан әженің сол қолы екі жерінен сынған, басқа да жарақаттары бар.
Адвокаттың сөзінше, болған жағдайдан кейін қария "өзіне қол салғысы келген", бірақ ойы жүзеге аспаған.
"1950 жылы туған жергілікті тұрғынның туыстарының оны ұрғаны туралы арызына сәйкес, Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі "денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"