Шымкентте аю хайуанаттар бағынан қашып кетпек болған
Шымкенттегі хайуанаттар бағында аю торларды сындырып, қашып кетпек болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Желіде Шымкенттегі хайуанаттар бағынан аюдың қашып кеткені туралы ақпарат пайда болған.
Хайуанаттар бағының әкімшілігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Аю қашуға тырысыпты, бірақ аңның әрекетінен нәтиже шықпаған.
"Аю ешқайда қашып кетпеді, бірақ торды сындырып тастады. Осыған байланысты біз дереу хайуанаттар бағын қысқа уақытқа жауып тастадық, жағдай түзетілді", - деді хайуанаттар бағы.
Хайуанаттар бағының әкімшілігі оқиғадан кейін аюға тамақ бергенін айтты. Қазір жануар тынығып жатыр.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда