Шымкентте әйел сүйіктісімен айырылысқаны үшін өзін өртеп жіберген
Шымкентте әйел өзін өртеп жіберді. Оқиға 3 желтоқсан күні Тассай ықшам ауданында орын алған. Денесінің 80 пайызын күйік шалған әйел ауруханаға жеткізіліпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

1988 жылғы қала тұрғыны үстіне бензин құйып, Тассай ықшам-ауданындағы Юсуф Сареми көшесінде өзін өртеп жіберген. Үсті күйген әйел жансақтау бөліміне орналастырды. Дәрігерлер оның жағдайы өте ауыр екендігін жеткізді.
Әлі расталмаған ақпарат бойынша, әйел өзінің сүйіктісімен айырылысып кеткендіктен өзін қол салған. Оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 105-ші "Өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеу" бабы бойынша соталды тексеріс жұмыстары басталып кетті.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?