Шымкентте алаяқтар зейнеткерлер мен психикалық ауытқулары бар азаматтарды алдап, пәтерлерін тартып алған
Шымкентте жалғызбасты қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтардың мүліктерін алаяқтық жолмен тартып алу жағдайлары көбейіп кеткен. Заңгерлер өз клиенттерінің үйлері кенеттен сатылып, кепілге қойылғанын, ал құжаттарда жүрген адамдардың есімдері бір екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі İnbusiness.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Ирина Абрамова
Мұндай істерге құқық қорғау органдары да көңіл бөлмеген. Олар қылмыстық істі қозғаудан бас тартып, жәбірленушілерді азаматтық сотқа жіберетін көрінеді.
Мысалы өзі шетелде тұратын Дина Тұрғынова анасының алаяқтардың құрбаны болғанын айтады.
"Анам шетелге көшуден бас тартқандықтан, оның жанына көмекші іздедім. Көмекші де өзі табыла кетті. Мен оған қызметі үшін ақша төлеп жүрдім. Мамыр айында келгенімде пәтердің анамның атында емес екенін, басқа біреуге сатылып кеткенін білдім. Құжат бойынша анам көмекшісінің атына бір жыл бұрын сенімхат жазып берген, ал көмекшісі заң жүзінде сатып, кепілге қойып тастаған. Мен полицияға барғанымда, олар құжат жоғалып кетті деп көшірмесін жасатқаны анықталды. Өйткені түпнұсқа менде болған. Полиция істі ашып, көп ұзамай жауып тастады", – дейді Динара Тұрғынова.
Алаяқтардың құрбаны болғандарға көмектеспейді: Депутат қазақстандық банктерді сынға алды
Келіншек одвокаттың көмегіне жүгінген. Қылмыстық іс қайта қозғалған. Алайда біраз уақыт өткеннен кейін істі тағы да жауып тастаған көрінеді.
"Алаяқтық екені анық, бірақ тәртіп сақшылары мұндай жағдайларға мән бермейді. Менің клиентімнің анасы арнайы денсаулығы бойынша тізімде бар адам. Ол өз бетімен шешім қабылдай алмайды. Бұл жағдайлар заң жүзінде ескерілу керек еді”, – дейді заңгер Илья Погребняк.
Тағы бір жәбірленуші, 83 жастағы зейнеткер Жігір Сиряжев пәтерінің жалған сенімхат арқылы сатылғанын, жасалған мәмілелерді сол нотариус куәландырғанын айтты. Ол пәтерінде 1964 жылдан бастап тұрып келе жатса да қазір мүлік өзіне тиесілі емес екенін айтады.
"Арнайы көмек көрсететін орталықтан айтып екі әйел үйіме келді. Мен ешқандай көмек қажет емес екенін айтты. Көмек қажет болмаса, қол қойып беріңіз деді де қол қойғызып алды. Пәтер өзімдікі емес екенін білгенде адвокатқа келдім. Пәтер төрт рет сатылған. 15 млн теңгеге бағаланыпты. Бірақ мен сол пәтерде өмір сүріп жатырмын", – дейді ол.
Адвокат Александр Родцев полицияға жүгінгенімен, қылмыстық іс қозғалмағанын қосты.
Алаяқтар қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар сияқты осал топтарға бағытталған және мәмілелер жасау үшін жиі жалған сенімхаттарды немесе жалған құжаттарды пайдаланады.
Шымкентте 1739 алаяқтық фактісі тіркелсе, оның басым бөлігі интернеттегі алаяқтыққа қатысты. Десе де, заңгерлер пәтерге қатысты істер назардан тыс қалып отырғанын алға тартып, бұл қылмыстарды тексеру үшін прокуратураға жүгінуді жоспарлап отыр.
Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында пошта қызметкері зейнеткерлердің атына миллиондаған несие рәсімдеп тастағаны туралы жазған едік.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады