Қазақстанда пошта қызметкері зейнеткерлердің атына миллиондаған несие рәсімдеп тастаған
Қостанай облысында пошта қызметкері зейнеткерлерді алдап, олардың атына бірнеше несие рәсімдеп тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше күдікті зейнеткерлерден хатты алғанын растау үшін, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын алу тәртібін жеңілдету деген желеумен суретке түсіріп алған. Кейін мобильді қосымшалар арқылы олардың атына несие мен займдар рәсімдеген.
“Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде Қостанай ауданының бес зейнеткері алаяқтықтың құрбаны болды. Мәселен, екі зардап шегушінің әрқайсысына 1 млн теңгеден несие, ал қалғандарының атынан шағын несие рәсімдеген. Жалпы материалдық шығын 2,3 млн теңгеден асты”, – делінген хабарламада.
Алаяқтықтың бірнеше эпизодтары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу жүргізіп, істі сотқа жіберді.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады
Әйел: “Әр қараған адамға 2 мың теңгеден екі күнге 60 мың теңге бердім”
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады