Шымкентте 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті
Шымкентте 3 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Сайрам шағын ауданында ата-анасының қарауынсыз қалған үш жасар бүлдіршін 4-қабаттан құлап кеткен.
Қазір бүлдіршін Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр. Оған мидың шайқалуы, жіліншіктің жабық сынуы, іштің доғал жарақаты диагнозы қойылып отыр.
"Алдын ала болжам бойынша, бала москит торына сүйеніп, сонымен бірге құлап кеткен. Осы уақытта анасы басқа бөлмеде болған. Құрметті ата-аналар, балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар”, – делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар