Шымкентте 23 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен әйел ұсталды
Шымкентте жалдамалы пәтерде қызды өлтірді деген күдікпен 1990 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Отырар" порталының хабарлауынша, жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні ұстап, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазір бұл іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады полиция.
Еске сала кетейік, 25 қарашаға қараған түні Шымкент орталығындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен пышақталған 23 жастағы қыздың денесі табылған болатын.
Оқиға орнына келген дәрігерлер мәйіт пәтерде бір тәулікке жуық жатқанын анықтады.
Қыз телефон қоңырауына жауап бермеген, соған байланысты пәтер иесі дабыл қаққан. Қосымша кілтпен есікті ашқан үй иесі еденде қан-жоса болып жатқан қыздың денесін көрген.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”