Шымкентте 22 каналға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Шымкентте су қоймалары мен каналдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мәлімдеді.

Қазіргі таңда қалада 34 канал болса, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын – 27 канал, қаланың ішіндегі ирригациялық мақсатта пайдаланылатын – 7 канал бар. Сонымен қатар 4 су қоймасы бар. 2 су қоймасы (Тоғыс, Бадам) "ҚазСушар" РМК меншігінде, 2 су қоймасы (Текесу, Ақжар) басқарманың теңгерімінде.
Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 35,5 шақырымды құрайтын 3 каналға (Көк, Сайрам су, Чумчак) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 1 743 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылды. Аталған жұмыстарды жалғастыру мақсатында алдағы 4 жылда жалпы ұзындығы 95,74 шақырымды құрайтын 22 каналдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 5 172 гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жоспарлануда.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”