Шымкентте 13 жастағы жеткіншек коронавирус жұқтырды
Шымкентте 13 жастағы жеткіншек коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шымкентте соңғы анықталған науқастардың барлығы коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болғандар. Қазір індет жұқтырғандар станционарға орналастырылған. Тиісті сынамалар жасалған.
«Бір науқас 2006 жылы туған жасөспірім болса, екеуі 1967 және 1971 жылы туған әйелдер. Диагностикалық зерттеу қорытындысы олардан COVID-19 вирусын анықтады. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу және дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде», - делінген ресми хабарламада.
Қазір Шымкент қаласында 23 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталып отыр.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі