Шымкенте мерекеде атылған отшашудан өрт шықты (видео)
Фото: Видеодан скрин
25 қазан күні түнде Шымкентте мерекеге орай ұйымдастырылған отшашу кезінде құрғақ шөп өртеніп кетті. Бұл туралы Stan.kz агенттігі хабарлайды.
Өрт сағат 23:42-де Нұрсат шағын ауданында болған.
“Ашық алаңда 250 шаршы метр аумақта құрғақ шөп жанды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өртті сөндіруге 18 қызметкер мен 4 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды”, – деп хабарады ведомство.
Шымкент қалалық төтенше жағдай департаменті өрттің сағат 23:50-де сөндірілгенін хабарлады.
"Танысым да, жұмысым да болған жоқ": Катарда 300-ге жуық маманды басқарып отырған қазақ жетістікке қалай жеткенін айтты
Сонымен қатар ол бөлшек сақтандыру бизнесінің вице-президенті
Қолдан көлік аларда нені ескеру керек? Автосарапшы қазақстандықтар жіберетін қателікті айтты
Сарапшының сөзінше, көліктің бағасы нарықтағы орташа құнынан едәуір төмен болса, оның себебін анықтаған жөн