Шымкент қаласының мәдениет басқармасының басшысы Сәкен Шәкеев ұсталды
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Шәкеев ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аталған ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.
"Иә, оның ұсталғанын растаймыз. Басқа ақпаратты мақұлданғаннан кейін ғана бере аламыз. Ресми мәлімдемені күтіңіз", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Сәкен Шәкеев 1989 жылы 26 қазанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі бойынша Құқық саласындағы бакалавр және магистр дәрежесі.
Еңбек жолын 2008 жылы әкімшілік-құқықтық жұмыс департаментінде шаруашылық жүргізушісі болып бастаған. 2009-2014 жылдары - материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші менеджері, 2014-2015 жылдары - қаржы және әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімінің заңгері. Ал 2015-2017 жылдары - логистика департаментінің директоры, 2017-2020 жылдары - мәдениет және спорт министрлігі "Қазақ әуендері" АҚ вице-президенті. 2022 жылдың 6 қыркүйегінен бастап Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылдың 10 наурызында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.