Шымкент қаласының әкімі жастармен кездесу өткізді
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қаратау аудандық жастар орталығының коворкинг залында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Махсұт Исахов қала жастарымен еркін форматта кездесті.

Іс-шараға "Шымкент жастар лигасының" 2 орын иегерлері, оқу орындарының және қаламыздың белсенді жастары қатысып, белсенділік танытты.
Еркін форматтағы кездесу барысында қала әкімінің орынбасары орталықтың жұмыс барысымен танысып, қала жастарының қызығушылықтары жайында әңгімелесті.
Сонымен қатар, Мақсұт Пернебайұлы жастарды толғандырып жүрген мәселелері мен алдағы жоспарлары жайында пікір алмасып, еңбек тәжірибесімен бөлісті.
Кездесуде барлық санитарлық - эпидемиологиялық талаптар сақталып, қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.
Еркін форматтағы мұндай жүздесулер аудандық жастар орталықтарында тұрақты түрде ұйымдастырылуда.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған