Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Ерлан Айтаханов бұдан бұрын Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған жаңа орынбасарын аппараттық кеңесте таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Шымкент қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Фото: shymkent.gov.kz

Ербол Садыр 1973 жылы туған. Білімі жоғары, мамандығы - экономист.

Еңбек жолын 1994 жылы Созақ орталық аудандық ауруханасында экономика жөніндегі бас дәрігердің орынбасары ретінде бастаған.

1995-2009 жылдары Созақ ауданы әкімшілігінің бас маманы, экономика бөлімінің басшысы, ШОБ қолдау бөлімі, бизнесті қолдау және дамыту бөлімінің басшысы, облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы басшысының орынбасары, инвестициялық саясат бөлімінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

2013 жылғы 22 мамырдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

2017 жылдың 14 қыркүйегінен бастап Түркістан облысы әкімінің орынбасары болды.

Жаңа қызметінде Ербол Садыр кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, туризм, цифрландыру және қоршаған ортаны қорғау салаларын басқарады.

Талқылау