Шымкент қаласы бойынша ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бастығының міндетін атқарушы ұсталды
Шымкент қаласы бойынша ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бастығының міндетін атқарушы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, пара алу бойынша күдікті өз кабинетінде ұсталған.
"2022 жылдың 9 шілдесінде Шымкентте ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бастығының міндетін атқарушы өз кабинетінде ұсталды. Пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оған қатысты бұлтартпау шарасы мәселесі қарастырылуда", – деді ІІМ-де.
Ішкі істер министрлігі сыбайлас жемқорлық мәселелері Ішкі істер министрлігінің күнделікті бақылауында екенін атап өтті.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі