Шымкент әкімі екі орынбасарын қызметінен босатты
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтенов екі орынбасарын қызметінен босатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шымкент қаласы әкімінің өкімімен әкімнің бірінші орынбасары Садыр Ербол Әбілқайырұлы және әкімнің орынбасары Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы қызметінен босатылды", - деп хабарлады қалалық әкімдік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Ербол Садыр бір жыл бұрын әкімнің орынбасары болған. Алмасбек Мамытбеков депутаттық қызметке осы жылдың ақпан айында келді.
Бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің бес орынбасарының төртеуі ауырып, демалысқа кеткені туралы хабарланған болатын.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар