Шымбұлақтың жоғарғы жағында өрт болды
Шымбұлақ тау шаңғысы курортының үстінде, Тұйық су трактісіндегі үй өртке оранды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт туралы хабарлама 14 қазанда сағат 12.01-де түскен. Оқиға орнына Медеу ауданының өрт сөндіру топтары барған.
"Келген кезде бір қабатты ағаш ғимараттың ашық жалынымен жанып жатқаны анықталды. Өрттің жақын маңдағы шыршаларға ауысу қаупі болды. Қабылданған шаралар өртті сағат 12.45-те оқшаулады. Ағаштар қорғалды. Өртті сөндіруге 13 өрт сөндіруші, үш техника жұмылдырылды", - деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі.
Өрттен зардап шеккендер жоқ.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан