Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымбұлақ маңында қар көшкіні болып, бір адам қаза тапты

Алматыдағы "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының маңында қар көшкіні жүріп, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Оқиға 17 наурызда Нунатак көлі аймағындағы Сол жақ Талғар асуында болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінге, үш шаңғышы тыйым салынған жерде шаңғы тепкен.

"Үш фрирайдер шаңғы тебу кезінде еңісті кесіп кеткен. Осылайша, қар көшкіні жүрген. Салдарынан үшеуі де үйінді астында қалды. Зардап шеккендердің екеуі қар арасынан өз бетінше шыққан. Ал біреуінің денесін Шымбұлақ құтқарушылары алып шықты", – делінген хабарламада. 



Қаза тапқан адамның жеке басы анықталды. 

“Алматыдағы Шымбұлақ тау-шаңғы курортының маңында Ресей азаматы қар көшкіні астында қалып, қаза тапты. Қар көшкінінің көлемі шамамен 50 текше метр. Үйінді астында 1990 жылы туған әйелдің денесі шығарылды", – делінген министрлік хабарламасында. 

Төтенше жағдайлар департаменті бұған дейін азаматтарға қар көшкіні қаупі туралы ескерту жасаған. Ақпарат SMS хабарламалар мен БАҚ арқылы таратылды.

Айта кетейік, бұған дейін Шымбұлақта 3 туристің кесірінен қар көшкіні жүргені туралы жазған едік. 

Талқылау