Шығыс Қазақстандағы ауылды су басқаны туралы ақпарат жалған болып шықты
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы ауылды су басып жатқаны туралы ақпарат жалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін әлеуметтік желіде Ұлан ауданы Горняк ауылын су басып жатқаны туралы видео тарады.
Осы ретте ШҚО төтенше жағдайлар департаменті бұның шындыққа жанаспайтындығын мәлім етті.
"Бірде-бір үйді су баспады. Ауыл тұрғындарынан су тасқыны туралы хабарласқан ешкім болған жоқ. Қазір аймақтағы жағдай тұрақты. Бейнежазбада таудан ағып жатқан қарғын су түсірілген. Сондықтан жалған ақпаратты таратпауды сұраймыз", - делінген ақпаратта.
Жалпы Шығыс Қазақстанда су тасқынына бейім 71 елді мекен бар.
Бүгінде атқарылған шаралардың нәтижесінде 15 елді мекенде қауіп толықтай жойылып, 46-сында азайтылған.
Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупі бар учаскелерді бақылауға 260 волонтер тартылғаны хабарланған.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі