Шығыс Қазақстанда тағы бір сарбаз өзіне қол салды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысында тағы бір әскери қызметкердің қаза тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pexels.com
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, 7 қарашада Шекара қызметінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде мерзімді әскери қызметкер мерт болды.
“Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз өзіне қол жұмаған. Полиция қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.
Бұған дейін Талдықорғанда әскерге жаңадан шақырылған сарбаздар жаппай ауруханаға түскені туралы жазған едік.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады