Шахтинскте сарбаз өзіне қол салған
Қарағанды облысы Шахтинск қаласында "Орталық" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505-әскери бөлімінің келісімшарт бойынша сарбазының мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ұлттық ұлан
13 қазанда сарбаз өзіне қол салған. Мұны ұлттық ұлан "Орталық" РҚК баспасөз қызметі хабарлады.
"Шахтинск қаласында келісімшарт бойынша әскери қызметкердің мәйіті жұмыстан тыс уақытта тұрғылықты жеріндегі пәтерден табылды. Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды. Себептері мен мән-жайы анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді ұлттық ұлан.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағынан 44 жастағы сержанттың денесі табылған еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады