Шығыс Қазақстанда 19 жастағы бойжеткен жоғалып кетті
Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында 19 жастағы бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше "102" жедел арнасына қоңырау шалған Долон ауылының тұрғыны қызының жоғалғанын жеткізді.
19 жастағы Наталья Пашкеева 3 қыркүйекте үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.
"Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Қызды іздеуге волонтерлер де тартылған. Наталья Пашкееваның бойы 170 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы ақшыл сары. Жоғалған күні үстінде сұр жемпір, көк джинсы және ақ кроссовка болған", – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Тәртіп сақшылары бойжеткеннің қайда екендігін білетіндер болса "102" немесе 8-747-349-57-17 нөміріне хабарласуын сұрайды.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"