Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарына қай аудандар кіретіні анықталды

Жаңадан құрылып жатқан Абай облысына 8 аудан кіреді, Шығыс Қазақстан облысының құрамында 9 аудан қалмақ. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 6 сәуір күні болған отырысында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Абай облысының құрамына Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулихин, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары өтеді. Бұған қоса, облыстық маңызы бар Семей және Курчатов қалалары осы облысқа қарайды. Облыс орталығы Семей қаласы болады.

Шығыс Қазақстан облысының құрамында Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самара, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха және Алтай ауданы қалады. Облыс орталығы Өскемен қаласы. Бұған қоса, облыстық маңызы бар Риддер қаласы да осы облыс құрамында болады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматылаевтың айтуынша, өнеркәсіптердің 68 пайызы – ШҚО-да, 32 пайызы Абай облысында қалмақ.


Қанат Бозымбаев жаңадан құрылатын Жетісу және Алматы облыстарында қанша аудан болатынын айтты


"Абай облысының ауданы 185,5 мың шаршы метрді құрайды. Халық саны 238 мың адам. Облыс халқының жалпы 47 пайызын құрайды. Шығыс Қазақстан облысының ауданы 97,8 мың шаршы метр. Халқы 717,6 мың адам. Облыс халқының 53 пайызын құрайды" деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Айта кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыз күнгі халыққа жолдауында Қазақстанда тағы үш облыс құрылатыны туралы айтқан болатын. Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында – Абай облысы, Қарағанды облысының Жезқазған өңірінде – Ұлытау, Алматы облысы аумағында Жетісу облысы.

Талқылау